2025 жылғы 21 мамырда сағат 16.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды облысының Суретшілер одағы мүшелерінің «Теңдер аймағы» көрмесі ашылды.

Екі жыл қатарынан көктемде Қарағанды қаласының кәсіби суретшілері өз шығармашылығын ұсынады.  Үлкен көрмелік тәжірибесі бар 16 белгілі суретші.

Бұл көрме дәстүрге айналды. Ол белгілі бір тақырыпқа байланысты емес, бұл авторларға шығармашылық бостандық берілді. Мұнда бейнелеу өнерінің барлық жанрлары – портрет, пейзаж, натюрморт, сондай-ақ сюжеттік картиналар ұсынылған. Бұл кез келген көрмені қызықты әрі мазмұнды етеді.       

Әсіресе, символдық-метафоралық түрде жасалған сюжеттер қызықты, өзінің батылдығымен, орындалу ерекшелігімен және кәсібилігімен ерекше көзге түседі. 

Көрмеде сонымен қатар материалдардың, техникалар мен әдістердің кең ауқымы қолданылған ерекше түс пен орындаудағы керемет абстракты интерьерлік композициялар ұсынылған.

Сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықты атап өту қажет. Бұл жұмыстарда дәстүрлі материалдармен қатар заманауи-пластикалық полиматериалдар қолданылған. Бұл жұмыстардың тақырыбы космогониялық, ал орындалуы абстракты стильдендірілген.

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.