2025 жылғы 11 маусымда Теміртау тарихи-өлкетану музейінің алдындағы алаңда «Музей қалашығы» мерекесі өтті.
Бұл мерейтойлық іс-шара болды. 20 жыл бойы «Музей қалашығы» авторлық жобаны музей жүзеге асырып келеді. Жыл сайын, бір күн ғана, жазғы демалыс кезінде музей қала қонақтарын қарсы алады. Ол алғаш рет 2005 жылы өткізілді – «Үміт серуені» деп аталған іс-шара Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орайластырылды. Ол кезде тек төрт шығармашылық аймақ болды. Бір жылдан кейін ол «Музей қалашығы» деп аталды. Теміртау музейі 2015 жылы алған авторлық құқық құжатында дәл осы атау көрсетілген. 20 жылда мерекелік іс-шаралар тақырыбы өзгеріп, жаңа аймақтар қосылып отырды. Жыл сайын музей қалашығына 1,5 мыңға жуық адам келеді.
Мақсатты аудитория - мектеп жанындағы лагерьлердің, балабақшалардың балалары, қала тұрғындары - 10 шығармашылық аймақты аралаған ересектер мен балалар. Музей жәдігерлері мен тақырыптық тапсырмалар арқылы олар тарихи-мәдени ортаға тартылды.
Мерейтойдың құрметіне біз музей қалашығын «The best for you» деп атадық және ерекше интерактивті аймақтарды таңдадық. Қонақтар:
- музейлік твистер ойынын ойнады;
- музей қолтырауынының кейіпкеріне айналды;
- арман-тілектерін білдірді
- әжелер сандығын ашты
- үрейлерін өртеді
- құттықтау хат жазды
- балықты теңізге жіберді
- туристік аялда болды
- спорттық жарыстарға қатысты