2025 жылғы 14 қарашада Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне және банкнот фабрикасының ашылғанына 30 жыл толуына орайластырылған «Қазақстандық банкноттардың қазіргі заманға дейінгі тарихы» атты дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті. 

Іс-шара Нумизматика залында ұйымдастырылды. Залдың орталық бөлігі Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің тарихын айқын көрсетеді. Мұнда 1993 жылдың бірінші шығарылымынан бастап қазіргі заманғы үлгілерге дейінгі монеталар мен қағаз ақшалар ұсынылған. Сондай-ақ «proof» сапалы алтын және күміс жинақ монеталары да бар.

Іс-шара барысында мультимедиялық форматта қазақстандық банкноттарды құру және шығару тарихына және банкнот фабрикасының ашылуына шолу жүргізілді.

Қатысушыларға қолданыстағы теңгені қорғау дәрежесін анықтау бойынша практикалық сараптамалық жұмыс ұсынылды (әрбір қатысушыға жеке жұмыс жасау үшін банкноттар, үлкейткіш әйнек таратылды).

«Рroof» сапалы Street art жаңа коллекциялық монетасын ұсыну іс-шараның ең қызықты сәті болды. «Қазақстанды монеталар арқылы таны» сериясынан BATYR BEINESI.

 

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.