2026 жылғы 22 қаңтарда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде алғашқы құрылысшы, Теміртау қаласының Құрметті азаматы Үкен Тұрмағамбетовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Тас қалаушы туралы поэма» атты еске алу-кездесуі өтті.

Іс-шара барысында музей жәдігерлері мен деректі хроника негізінде Ү.Тұрмағамбетовтың өмірбаяны және оның қаламыздағы өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандардың құрылысына қосқан үлесі туралы айтылды.

Кездесуге № 27 орта мектептің оқушылары қатысты. Оқушылар қазіргі қоғамдағы ерлік ұғымын және туған қаланың тарихын сақтаудағы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады.

Іс-шара танымдық, тәрбиелік сипатта өтті және туған өлкенің тарихына деген қызығушылықтың қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.