2026 жылдың 19 қаңтарында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында, тоқсан сайын өткізіліп отыратын, әңгімелесу форматында «Сыр сандық» атты музейлік отырыс өтті.

Қазақ мәдениетінде сандықтың мән мағынасы өте терең: тек материалдық құндылықтар ғана емес, сонымен қоса рухани құндылықтардың қазынасы. Сыр сандық – бүгінгі таңда ұмыт бола бастаған, бірақ қазақ халқының дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбиелік жүйесі мен көркемдік дүниетанымын жан-жақты қамтитын құнды мәдени мұра.

Ол тек тұрмыстық бұйым емес, ұлттың тарихын, отбасылық құндылықтарын және қыз баланың болмысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік құрал болған.

Бұл жобаға музейдің «Қазақстан халқының бірлігі» залында материалдық және рухани құндылықтарды білдіретін заттар қойылған аранайы экспозициялық аймақ жасалды.

І -ші бөлім «Әшекей бұйымдар мен әсемдік - ұлттық дәстүрдің негізі»: шашбау, шолпы, құс тұмсық сақина, құдағи жүзік, өңіржиек және т.б. ұсыналды. Қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрлері таныстырылды.

Іс-шара барысында қыздар жылы шырайлықпен, шын жүректен әңгіме құрды. Олар шаштарын өріп, өрудің түрлері туралы, бір, екі, үш және бес өрім туралы білгендерімен бөлісті, кішкентай балалардың дәстүрлі «тұлым» шаш үлгісі көрсетілді, ұмытылған «шаш сипау» рәсімі туралы айтылды. Қыз сақиналарының құпияларын ашып, құлақты неге тесетінін түсіндірді. Мұның бәрі қыздардың нәзіктігін, инабаттылығын, талғампаздығы мен шеберлігін айқын көрсетті. Іс-шара Теміртау қаласының .№9 және № 10 мектептерінің оқушы қыздарының қатысуымен әсемдік, дәстүрге деген құрмет және рухани сабақтастық атмосферасында өтті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.