2026 жылғы 19 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Сарыарқа археологиялық институтымен серіктестікте ұйымдастырылған «Сарыарқаның бірегей артефактілері» бірлескен- экспозицияның ашылуы өтті.

Жаңа көрме жобасы келушілерге Қазақстан мен бүкіл Еуразия тарихындағы негізгі кезеңдердің бірі-қола дәуіріне көз жүгіртуге мүмкіндік берді.

Экспозицияда кейінгі қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетімен байланысты материалдар ерекше орын алды. Бұл мәдениеттің тайпалары монументалды кесенелер мен ірі елді мекендерді қалдырды, олардың арасында ежелгі сауда жолдары жүйесінде маңызды рөл атқарған Ақкезең прото-қалалық орталығы бар. Өз заманындағы ең ірі мегалитикалық ескерткіштердің бірі – «Қазақстан пирамидасы» деп аталатын Қаражартас кесенесінің ашылуы халықаралық атаққа ие болды.

Қазіргі заманғы зерттеулер Талды өзенінің аңғарында (Қарағанды облысының Шет ауданы) шоғырланған, бұл жерлерде жүзден астам археологиялық нысандар анықталған,. Көпжылдық ғылыми жұмыстардың негізінде Алакөл, Нұра-Федоров және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ескерткіштерін біріктіретін Талды тарихи-археологиялық саябағы құрылды. Жобаны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолдады, бүгінде бұл жобаның өңірлік қана емес, сонымен қатар халықаралық тұрғыда маңызы зор.

«Сарыарқаның бірегей артефактілері» экспозициясы Орталық Қазақстанның ежелгі халқының әлеуметтік және технологиялық дамуының жоғары деңгейін айқындайтын шынайы археологиялық олжаларды ұсынады және өңірдің мәдени және ғылыми өміріндегі маңызды оқиға болары сөзсіз.

 

 

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02    +77073434247 (экскурсияға жазылу)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.