2026 жылғы 25 ақпан сағат 14:00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған академиялық пікірталас форматында «Азаттық таңын аңсаған алаш арысы» тақырыбында іс-шара өтті.

Пікірсайысқа төрт команда қатысты, олардың әрқайсысы екі спикерден құралды: Үкіметтің екі командасы (бекітуші тарап) және оппозицияның екі командасы (теріске шығарушы тарап).

Позициялар мен сөз сөйлеу кезегі төрешілер алқасының шешімі бойынша жүзеге асырылды. Төрешілер: ҚарИУ оқытушысы, «Энергетика және көлік жүйесі» кафедрасының декан орынбасары Тілеубаев Әбіл-Сайд Мағауин, Жекеев Жандос – «Сарыарқа дарыны» пікірсайыс клубының мүшесі, Қарағанды экономикалық университетінің 4 курс студенті.

Пікірталасқа Теміртау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл пікірталаста «Қыздар гимназиясы» КММ оқушылары І орынды жеңіп алды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02    +77073434247 (экскурсияға жазылу)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.