2026 жылдың 16 наурызында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында, музейлік отырыс форматында «Сыр сандық» атты іс -шара өтті.

Қазақ мәдениетінде сандықтың мән мағынасы өте терең: тек материалдық құндылықтар ғана емес, сонымен қоса рухани құндылықтардың қазынасы. Сыр сандық – бүгінгі таңда ұмыт бола бастаған, бірақ қазақ халқының дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбиелік жүйесі мен көркемдік дүниетанымын жан-жақты қамтитын құнды мәдени мұра.

Бұл жобаға музейдің «Қазақстан халқының бірлігі» залында қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын білдіретін заттар қойылған аранайы экспозициялық аймақ жасалды.

Отырыс тақырыбы: «Зергерлік қолтаңба».

Музейлік отырыста қыздарға белбеу, қапсырма, құдағи жүзік, өңіржиек және т.б. ұсыналды. Бұл әшекейлердің мағыналары ерекше, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді сақтайды.

Іс-шара барысында қыздар жылы шырайлықпен, шын жүректен әңгіме құрды. Құдағи жүзік, кемер белбеу, қапсырма, білезік және тағы басқаларының құпияларын ашты.

Іс-шара Теміртау қаласының № 10 мектебінің оқушы қыздарының қатысуымен әсемдікке, дәстүрге деген құрмет және рухани сабақтастық атмосферасында өтті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02    +77073434247 (экскурсияға жазылу)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.