2026 жылғы 22 мамырда сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде ағаш шебері Төлеуғазы Дүйсенбековтың «Дәстүрдің мәңгілік тынысы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Төлеуғазы Дүйсенбеков Теміртаудағы танымал қолданбалы қолөнер шебері. Ол ағаш, металл, тері және сүйек ою өнерін жетік меңгерген. 2009 жылдан бері Қарағанды облысының қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелеріне үнемі қатысып келеді. Төлеуғазы белгілі мәдениет қайраткері, шебер Қалқаман Тілеухановтың шәкірті. «Qarmet» металлургиялық комбинатында ағаш ұстасы болып еңбек етеді.

Бүгінде автор ағаш, сүйек, металл және теріден 150-ден астам бұйым жасаған. Алайда көрмеде оның шығармашылығының тек шағын бөлігі ғана ұсынылған. Олардың қатарында бірнеше топтама бар:

  • ағаш ыдыстар топтамасы - қымызға арналған жиынтық, табақ, астау, ас турайтын тақтайлар;
  • музыкалық аспаптар топтамасы - домбыралар, тұяқ, сазсырнай, дауылпаз, дабылдар;
  • жиһаз топтамасы - орындықтар мен кресло;
  • кәдесыйлар топтамасы.

Экспозицияның бір бөлімінде авторға атасынан мұра болып қалған жұмыс құралдары көрсетілген. Шебер бұл құралдарды сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау барысында әлі күнге дейін пайдаланып келеді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.