2026 жылғы 4 маусымда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орайластырылған «Ақиқат пен қиял» атты зияткерлік квиз өтті. 

Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының жасалу тарихына қатысты түрлі болжамдар мен ойдан шығарылған қиял деректер бар. Музей қызметкерлері олардың қайсысы шындық, қайсысы ойдан шығарылғанын анықтап, келушілер назарына мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихын көрсететін құжаттық хроникалар мен сол жылдардағы фотошежірелерді ұсынды.

Квиз қонақтары Теміртау қаласындағы №10 жалпы білім беретін

мектептің 8-сынып оқушылары болды. Олар Ту мен Елтаңбаны талаптарға сәйкес орналастыру ережелерімен танысып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Сонымен қатар, 925 сынамалы күмістен жасалған «proof» сапалы монета сақталған «қара жәшіктің» құпиясын ашты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.