2026 жылғы 14 қыркүйекте Теміртау музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында газдалған су дайындайтын сифонға арналған экспозицияның ашылуы өтті.
Экспозицияның орталығында үй жағдайында газдалған су дайындауға арналған тұрмыстық құрылғы — газдалған су сифоны ұсынылды. Кеңес Одағында мұндай сифондар 1960–1970 жылдары кеңінен таралып, тұрмыста жиі қолданылатын заттардың біріне айналды.
Жәдігерді таныстыру барысында келушілерге оның құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты туралы ақпарат берілді.
Уақыт өте келе газдалған суға арналған сифондар күнделікті тұрмыста қолданудан шыға бастады. Дегенмен, бүгінгі таңда олар кеңестік кезеңдегі тұрмыстық мәдениеттің бір бөлігі ретінде қызығушылық тудырады. Мұндай жәдігерлер өткен кезеңнің заттарымен танысып қана қоймай, сол дәуірдегі адамдардың күнделікті өмірінің ерекшеліктерін, әдеттері мен тұрмыстық дәстүрлерін еске түсіруге мүмкіндік береді.
Экспозицияда ұсынылған сифонды қала тұрғындары музейге тапсырған. Осының арқасында бұл бұйым музей қорынан орын алып, қазіргі ұрпақты кеңестік дәуірдегі күнделікті тұрмыстың бір элементімен таныстыруға мүмкіндік берді.


