«Орталық даңғыл» экспозициясы
17 қыркүйекте Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Металлургтер даңғылының 55 жылдығына орайластырылған «Орталық даңғыл» экспозициясының ашылуы өтеді.
Ұзындығы 3 шақырым құрайтын Металлургтер даңғылы кішірейтіліп 11 метрлік экспозицияда көрсетілді: қос бағытты қозғалыс, қиылыстар, жаяу жүргіншілер өткелдері, қаланың танымал нысандары музей қабырғаларында көрініс тапты. Алайда бұл бүгінгі қала тұрғындары серуендейтін даңғыл емес — бұл қазіргі теміртаулықтар мен өткен күнгі ұрпақтың даңғылға деген көзқарасының ұштастырылуы.
Тарихи фотосуреттер өткенге ашылған өзіндік «терезелерге» айналды. Музейге келушілер Металлургтер даңғылының әр жылдардағы келбетін көріп, оның өзгерістерін бақылай алады, қала орталығының бүгінде жоғалып кеткен нысандарын тамашалап, орталық даңғылдың бұрынғы бейнесімен танысады.



