2026 жылғы 25 қыркүйекте Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Еңбек күніне орай «Қазақ даласының ұмытылған кәсіптері» атты коуч-тренинг басталды.

Іс шара дәстүрлі қазақ қоғамында болған, алайда отырықшы өмір салтына көшу үдерісінде қолданыстан шыққан бірегей қолөнер түрлері мен кәсіптерді зерттеу бойынша музейдің ғылыми-зерттеу жұмысының аясында ұйымдастырылды. Қатысушыларға өткен күннің кеңінен танымал емес кәсіптері ұсынылды: көшбасшы – көш үдерісін басқарушы, құдықшы – су іздеу шебері, қағушы- аңшының көмекшісі, кіреші- дала арбакеші, сынықшы - емші - сынық салушы, нақышшы – ою - өрнек шебері.

Тақырыпты неғұрлым толық ашып көрсету мақсатында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына жататын тарихи фотосуреттер негізінде және дәуірге сәйкес еңбек құралдары, материалдық мәдениет заттарына жататын жәдігерлермен толықтырылды.

Өткізілген іс-шара тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттауға, қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі туралы білімді кеңейтуге және жойылып кеткен кәсіптерге мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде назар аударуға ықпал етті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.